«Абай оқулары» сайысының жеңімпаздары анықталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Абай оқулары» сайысының жеңімпаздары анықталды

19.10.2023

Елордада «Абай оқулары» сайысының жеңімпаздары анықталды. Дала данышпанының артында қалдырған мол мұрасын насихаттап, жас өрендерді Абай жырларымен сусындатуды мақсат еткен республикалық шара осымен 7-ші рет өтті. Жыр бәйгесіне 4500-ге жуық өтініш келіп түскен. Соның ішінде үздік деп танылған 32 қатысушы соңғы кезеңде бақ сынады. Бас жүлдені Атбасар қаласындағы «Алтын бесік» бала-бақшасының тәрбиеленушісі Әлия Қайырбаева иеленді.

Гүлбаршын Аршынова, Б.Соқпақбаев атындағы орта мектептің қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі:

Бүгінгі ұйымдастырылған іс-шара өте керемет өтті. Мынау жас бүлдіршіндердің Абай дүниесін, Абай шығармаларын керемет орындаған кішкентай қатысушыларға сәттілік тілеймін.

Аида Ахметбек


Хабарламаларға жазылу