Геннадий Головкин Мартин Мюрреймен жұдырықтасуға дайындығын бастады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Геннадий Головкин Мартин Мюрреймен жұдырықтасуға дайындығын бастады

17.12.2014
Геннадий Головкин Мартин Мюрреймен жұдырықтасуға дайындығын бастады

Монте-Карло, Астана, Лондон және Мехиконы қамтыған ауқымды медиа-турдан кейін WBA/IBO және WBC (Interim) чемпионы Геннадий Головкин Big Bear лагерінде Мартин Мюрреймен жұдырықтасуға дайындық маусымын бастады, деп хабарлады BoxingScene.com.

Абель Санчестің қолдауымен Головкин 2015 жылдың 21 ақпанында Монте-Карлода өз титулын қорғауы керек.

«Менің соңғы бірнеше апта бойы уақытым болмады. Бірақ маған бүкіл әлем бойынша журналистермен және жанкүйерлеріммен уақыт өткізген өте ұнады. Мен өзімнің бапкеріммен дайындықты бастап, Монте-Карлода кезекті керемет кездесуді өткізуді жоспарлап отырмын», - деді Головкин Лас-Вегастағы WBC конвенциясында.

Естеріңізге сала кетейік, WBA (Super) и WBC (Interim) нұсқалары бойынша орташа салмақтағы Әлем чемпионы 32 жастағы қазақстандық Геннадий Головкин мен британдық Мюррейдің кездесуі 21 ақпан күні Ларвотто (Монако) ауданындағы Salle des etoiles аренасында өтеді.

Хабарламаларға жазылу