Президент Қытайға ресми сапармен барды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент Қытайға ресми сапармен барды

16.10.2023

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қытайға ресми сапармен барды. Мемлекет басшысын, Құрмет қарауылы сап түзеген Бейжің әуежайында бірқатар лауазымды тұлғалар салтанатпен қарсы алды. Екі күндік ресми сапар барысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қытай Халық республикасының Төрағасы Си Цзиньпинмен және Мемлекеттік кеңесінің Премьері Ли Цянмен, Бүкіл қытайлық халық өкілдері жиналысы Тұрақты комитетінің төрағасы Чжао Лэцзимен келіссөздер жүргізеді. Сондай-ақ жоғары деңгейдегі «Бір белдеу, бір жол» бастамасының III форумына қатысады. Сонымен қатар, Қасым-Жомарт Тоқаев Бейжің Тіл және мәдениет университетінің аумағында орнатылған Әбу Насыр Әл-Фараби бюстін салтанатты түрде ашады. Бұдан бөлек, сапар аясында Қытайдың ірі компаниялары басшыларымен кездесу өткізеді.

Торғын Мелісқызы

Хабарламаларға жазылу