Алматы тауларында қар көшіп, бір шаңғышы қаза тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматы тауларында қар көшіп, бір шаңғышы қаза тапты

16.10.2023

Алматы тауларында қар көшіп, астында қалған екі шаңғышының біреуі қайтыс болды. Бұл мәліметті қала әкімдігі растады. Ресми дерек бойынша, ақ ұлпаның сырғуына екі кәсіби шаңғышының Тұйықсу мұздығында сырғанауы себеп болған. Алдымен біреуі төменге қарай сырғып, артынша қардың астында қалып қойған. Екінші шаңғышы болса, қауіпсіз жермен түсіп, әріптесін қар астынан алып шыққан. Көмек күткен оларға 109 құтқару қызметінің мамандары жедел жетті. Марқұмның денесін Шымбұлаққа дейін түсіріп, бүгін полицияға тапсырды. Ал зардап шеккен екінші шаңғышының жағдайы жақсы, медициналық көмектен бас тартты,- дейді құтқару қызметі.

Мұрат Әшіров, қалалық құтқару қызметінің құтқарушысы:

Құтқару қызметінің құтқарушылары қайтыс болған адамның денесін Шымбұлаққа дейін түсірді. Содан кейін оны Медеу ішкі істер басқармасының жедел тобына тапсырды. Екінші жәбірленушінің жағдайы қанағаттанарлық дәрежесінде. Оқиғаның егжей -тегжейлері тергеу шараларынан кейін анықталады.

Әйгерім Ердаулет

Хабарламаларға жазылу