Ұлттық арна өнімі халықаралық аренада - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлттық арна өнімі халықаралық аренада

16.10.2023

Дәл қазір Францияның Канн қаласында MIPCOM деп аталатын халықаралық көрме өтіп жатыр. Бұл көрмеде біздің «Қазақстан» телерадиокорпорациясы да белсенді қатысуда. Атап өту керек, MIPCOM - 110 елдің телевизиялық және радиоконтент өндірушілері бас қосатын әлемдік мықты бір шара.

Аида Барлыбек, тілші:

Канн қаласындағы MIPCOM шарасын радио мен телеконтентті жасаушы әлемдік шығармашылық топ жақсы біледі. Бүгін іс-шараның алғашқы күні, дей тұрғанмен жаңа ғана «Qazaqstan» арнасының өкілдері мен алпауыт Disney корпорациясының кездесуі басталды. Бұл жерде арна өнімдерін сатып алуға, қаржыландыруға, халықаралық серіктестік жасасуға мүмкіндік жасалған. Биыл «Қазақстан» телерадиокорпорациясы халықаралық көрмеде өз өнімдерін сатылымға шығарады.

Айдын Дүйсенбайқызы, «Қазақстан» РТРК» АҚ Диджитал департаментінің директоры:

Бұл шара – қазақстандық телевизиялық контентті ұсынатын жақсы бір алаң, жақсы бір мүмкіндік. «Қазақстан» бүгін өзінің тарихи, мелодрама, детектив, комедия бағытындағы телехикаялар мен анимациялық, деректі фильмдерін алып келді. Сонымен қоса, Ұлттық арна «Дара», «Жүзден жүйрік» зияткерлік бағдарламаларының франшизаларын ұсынады.

 Аида Барлыбек


Хабарламаларға жазылу