Астанада құрылыс алаңында 4 альпинист биіктіктен құлап кетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада құрылыс алаңында 4 альпинист биіктіктен құлап кетті

13.10.2023

Астанадағы құрылыс алаңында 4 альпинист биіктен құлап кетті. Жергілікті полиция жедел-жәрдем келгенше біреуі қайтыс болғанын хабарлады. Қалғаны ауруханаға жеткізілген. Өнеркәсіптік альпинисттер 9-шы қабатта жұмыс істеп жатып, құлап кеткен. Қазір оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Құрылыс жұмыстары кезінде қауіпсіздік ережесін бұзу дерегімен тергеу басталды.

Торғын Мелісқызы


Хабарламаларға жазылу