Астанада 20 метр биіктіктен құлап кеткен тағы бір азамат жансақтау бөлімінде қайтыс болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада 20 метр биіктіктен құлап кеткен тағы бір азамат жансақтау бөлімінде қайтыс болды

14.07.2015
Астанада 20 метр биіктіктен құлап кеткен тағы бір азамат жансақтау бөлімінде қайтыс болды

Астанада 20 метр биіктіктен құлап кеткен тағы бір азамат алған жарақатынан жансақтау бөлімінде қайтыс болды.

Дәрігерлердің айтуынша, оның жағдайы өте ауыр болған.

Қазір арнайы тергеу жүргізіліп жатыр. Құрамына жұмыс беруші өкілінің, еңбек ұжымы және Еңбек инспекциясының мүшелері кірген комиссия тергеу жұмысын 10 күннің ішінде аяқтауы тиіс.

Еске салайық, кеше Астанада алты құрылысшы 20 метр биіктіктен құлап кеткен.

Төтенше жағдай «Көп атқарымдық мұз сарайының» құрылыс алаңында болып, оқиға салдарынан үш монтаждаушы қаза тауып, тағы үшеуі ауруханаға жеткізілген еді.

 

Нұргүл САҒИТҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу