Астанада биіктен құлаған альпинистің тағы біреуі ауруханада көз жұмды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада биіктен құлаған альпинистің тағы біреуі ауруханада көз жұмды

16.10.2023

Астанада тоғызыншы қабаттан құлаған альпинистің тағы біреуі ауруханада көз жұмды. Қалалық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, аса ауыр хәлде аруханаға жеткізілген науқасқа бірнеше рет операция жасалған. Алайда, бас сүйегі мен ішкі ағзаларына зақым келген жұмысшыны құтқарып қалу мүмкін болмапты. Естеріңізге салайық, оқыс жағдай өткен бейсенбі күні Елордадағы құрылыс алаңдарының бірінде болды. 4 өнеркәсіптік альпинист жұмыс істеп жатып, биіктен құлаған. Өкінішке қарай, 24 жастағы жұмысшы оқиға орнында қаза табады. Тағы бірі сол күні кешке ауруханада көз жұмады. Дәрігерлер жансақтау бөлімінде жатқан альпинистің де жағдайы өте ауыр деп отыр. Қазір оқиға болған құрылыс алаңында жұмыстар тоқтап, тергеу амалдары жүріп жатыр.   


Тәуірбек Бозкен       

Хабарламаларға жазылу