Теміржол паркі 60 пайызға тозған
Елдегі теміржол паркінің құрамы 60 пайызға тозған. Бұрынғы басшылар тек қаржы табумен айналысқан. Мәжіліс депутаты Мақсат Толықбай Көлік министрі Марат Қарабаевқа сауал жолдады. Айтуынша, жолаушылар вагондарының көбі әлі жаңартылмаған. Ал, «Қазақстан Темір жолы» Ұлттық компаниясы олқылықтарды реттеу үшін тағы да 7 жыл керектігін айтқан. Депутат сапа ақсап тұрса да билет бағасының аспандап тұрғанына шүйлікті. Оның үстіне, пойыздардың кешігуі жиілеген. Ішкі туризм дамып келе жатқанын тілге тиек етіп, туристік маршруттарға арналған стратегиялық жоспар қажеттігін жеткізді.
Мақсат Толықбай, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Amanat» фракциясының мүшесі:
2030 жылы қалған вагондар ескіріп, 80 пайызы тозып, екі қолды мұрынға тығып отырмасымызға кепілдік бере аласыз ба? Терезесі ашылмайтын, кондиционері істемейтін, қабырғасында тарақандар жүретін вагондардың өзіне жаз мезгілінде билет сатып алу арман болды. Билет тапқан бақытты жандарды вагон ішінде осындай масқара күтіп тұрады.
Асылбек Данияр
Автор
Асылбек Данияр
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Әлем сарапшылары қазақы тазыға жоғары баға берді
04.05.2026, 10:32
Жоңғар Алатауының баурайында Сиверс ағашы бүршік жарды
04.05.2026, 10:25
LRT жобасының екінші кезеңі басталды
04.05.2026, 10:24
Біріккен Араб Әмірліктері әуе кеңістігін толық ашты
04.05.2026, 10:23
Иран АҚШ-қа соғысты тоқтату бойынша өз ұсыныстарын жіберді
04.05.2026, 10:23
Круиздік лайнерде 3 адам хантавирустан қайтыс болды
04.05.2026, 10:22
ЖИ жобаларын қаржыландыруға $95 млн тартылды
04.05.2026, 10:21
Еліміздің көші-қон саясаты өзгереді
04.05.2026, 10:18