«Есік» қорық-музейі ҚР Тәуелсіздігінің 25-жылдығына орай «Алтын адамның құпиясы» жинағын таныстырды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Есік» қорық-музейі ҚР Тәуелсіздігінің 25-жылдығына орай «Алтын адамның құпиясы» жинағын таныстырды

10.03.2016
«Есік» қорық-музейі ҚР Тәуелсіздігінің 25-жылдығына орай «Алтын адамның құпиясы» жинағын таныстырды

Бүгін «Есік» қорық-музейі Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25-жылдығына орай «Алтын адамның құпиясы» жинағының таныстырылымын өткізді. Жинаққа Есік қорғанынан табылған әйгілі олжаның ашылуы мен зерттелу тарихына қатысты бұрын ешқай жерде жарық көрмеген тың деректер енді.

Аталмыш материалдар  «Есік» қорық-музейінің қоры іске асырған ғылыми-қолданбалы жобаның нәтижесі. Аталмыш жинақтағы ғылыми мақалалар, сұхбаттар, деректі материалдар бірегей археологиялық олжаның табылу тарихына, тұтастай алғанда сақ тайпаларының рухани мәдениетіне басқаша көзқараспен қарауға мүмкіндік береді. Жинаққа «Ғылым ордасы» (бұрынғы ҚазКСР Ғылым академиясы) ведомствалық мұрағаты қорының, Есік қорғанын зерттеуші экспедицияға қатысушылардың жеке мұрағат материалдары  алғаш рет енгізіліп отыр.

Бұл материалдардың арасында ресейлік мамандардың «Алтын адамның» қаңқа сүйегіне жүргізілген сараптама жұмыстары туралы дерек ерекше орын алады. Ал, сұхбат деректері «Алтын адамға» қатысты археологиялық жұмыстар барысы, оны қалпына келтіру жұмыстары мен қазіргі кезде қолданылуы  жайлы кең көлемде мәліметтер береді.

Жинақтың тұсаукесері аясында осы аттас көрменің ашылу рәсімі өтті. Көрмеде жинаққа енген фото-құжаттар ұсынылған. Сенсорлы экранның көмегімен көрме қонақтары «Есік экспедициясының» қатысушыларының және «Алтын адамның» киімін қалпына келтірушілердің сұхбаттарын тамашалай алады.

Хабарламаларға жазылу