«Qazsport» телеарнасы «Алтын Тұғыр-2018» ұлттық спорт үздіктерін марапаттау рәсімін көрсетеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Qazsport» телеарнасы «Алтын Тұғыр-2018» ұлттық спорт үздіктерін марапаттау рәсімін көрсетеді

20.12.2018
«Qazsport» телеарнасы «Алтын Тұғыр-2018» ұлттық спорт үздіктерін марапаттау рәсімін көрсетеді

2018 жылғы 21 желтоқсан күні сағат 17:30-да «Қазмедиа» орталығында ҚР Ұлттық спорт қауымдастығының ұйымдастыруымен  «Алтын Тұғыр-2018» атты ұлттық спорт үздіктерін марапаттау рәсімі өтеді.

2018 жылғы ұлттық спорттың халықаралық бәсекесінде біздің саңлақтарымыз сан мәрте дара шықты. Аударыспақтан ІІІ Азия чемпионатында, Теңге ілу мен Құсбегіліктен ІІ Азия чемпионатында, Жамбы атудан XIV Әлем чемпионатында, Көкпардан, Тоғызқұмалақтан, Асық атудан, Қазақ күресінен халықаралық жарыстарда жүлделі орын иеленген спортшыларымыз арасында «Алтын тұғыр» сыйлығына лайық үздіктер аз емес.     

«Алтын тұғыр» - жастарымызды ерлікке, батылдыққа, ептілікке, өжеттікке, жүректілікке тәрбиелейтін, рухын шыңдайтын ұлттық спорттың дәстүрлі жиыны. «Алтын тұғыр» -  Ұлттық спорт бәсекелерінде ел намысын асқақтатып жүрген азаматтарымыздың есімін ардақтайтын  думанды кеш. 

«Алтын Тұғыр-2018» ұлттық спорт үздіктерін марапаттау рәсімін «Qazsport» телеарнасы 22 желтоқсан күні сағат 20:25-те көрсетеді.

Хабарламаларға жазылу