Қазақстанның 15 дәрігері елге жеткізіледі
Израильдің Хайфа қаласына тағылымдамадан өтуге барған қазақстандық 15 дәрігер елге қайтарылады. Сыртқы істер министрлігі оларды алып кететін арнайы ұшақ барын хабарлаған. Бұл туралы Ұлттық арнаның «1001 түн» бағдарламасына Израильден тікелей байланысқа шыққан медицина маманы Үміт Желдібаева айтты. Қазір Хайфада қақтығыс болып жатпаса да халық үреймен күн кешіп жүр, дейді. Әуеде ұшып жүрген әскери ұшақтар мен тікұшақ көп, дейді. Елге оралғысы келген дәрігерлер Израильдегі Қазақстан елшілігінен көмек сұраған. Олар Хайфадан Тель-Авив әуежайына дейін жеткізетін көлік ұйымдастырып беріпті.
Үміт Желдібаева, Қазақстан азаматы:
Бізге «Air Astana» компаниясының қызметкерлері хабарласып, өздерінің көмектерін ұсынып жалпы ертеңгеі «Air Astana-ның» келетін ұшағына яғни соған билет алуға үлкен көмектесіп жатыр бізге. Сол үшін біз қуанышымыз, қазақ елі бізді тастамай қазақ елі бізге көмектесіп жатқанына.
Асылбек Данияр
Автор
Асылбек Данияр
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Атырау облысындағы Құрманғазы бекетін жаңғырта бастады
09.09.2026, 13:21
Павлодарда қос азаматтықпен жүрген 27 адам анықталды
09.09.2026, 13:18
Отбасы үшін басты қолдау – баспана алуға көмек
09.09.2026, 13:15
Психологтардың мемлекеттік тізімі жасақталады
09.09.2026, 13:12
12 ел Израиль қоныстарына санкция салды
09.09.2026, 13:09
Иран мен АҚШ бірін-бірі тағы атқылады
09.09.2026, 13:06
Ұлттық қордан ірі жобаларға қаржы бөлінеді
09.09.2026, 13:03
Аймақтағы ең ірі қаржы форумы өтіп жатыр
09.09.2026, 13:00