Телерадио ардагері Молдабек Сағымбек дүниеден озды
Қазақ телевизиясында қаралы күн. Бүгін 68 жасқа қараған шағында ардагер журналист Молдабек Сағымбек өмірден өтті. Ғұмырының 33 жылын радио мен телевизияға арнаған майталман маман «Қазақстан» телеарнасында бірқатар лауазымды қызмет атқарған. Атап айтқанда, Qazaqstan Ұлттық телеарнасында шығармашылық бірлестіктер бас редакторы, «Алтын қор» бөлімінің редакторы, жетекшісі, Қазақ радиосының редакторы болды. Микрофон алдында авторлық хабар жүргізіп, радиода даусы таспаланған ардагер әріптесіміздің отбасы мен жақындарына телеарна ұжымы көңіл айтады. Марқұмды жерлеу рәсімі ертең таңертең сағат 10-да өзінің туған жері Түркістан облысы, Ордабасы ауданы, Темірлан ауылына өтеді.
Әйгерім Ердаулет
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қармақшы ауданының диқандары су көп ішпейтін дақылдарды еге бастады
04.05.2026, 17:18
Ақтөбе облысында шегіртке улау басталады
04.05.2026, 17:15
Ереванда Еуропа саяси қауымдастығының саммиті басталды
04.05.2026, 17:13
АҚШ Ормұз бұғазындағы кемелерге көмектесетіндерін мәлімдеді
04.05.2026, 17:10
Тауда адасқандар көбейді
04.05.2026, 17:07
Президент Sinovation Ventures және 01AI компанияларының бас директорын қабылдады
04.05.2026, 17:05
GITEX AI халықаралық көрмесіне 300 компания қатысуда
04.05.2026, 17:03
Президент: Мемлекеттік деректердің бірыңғай жүйесі болмаса, ЖИ-ден пайда жоқ
04.05.2026, 17:00