Елімізде құмар ойынына тәуелді адамдарға несие беру шектелмек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде құмар ойынына тәуелді адамдарға несие беру шектелмек

09.10.2023

Елімізде құмар ойынына тәуелді адамдарға несие беру шектелмек. Бұл туралы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі хабарлады. Құжат Ашық порталына жарияланған. Талқылау 20-қазанға дейін жалғасады. Егер, азамат соңғы 6 айда ойын бизнесін ұйымдастырушының есеп шотына 300 мың теңгеден астам соманы үш реттен көп аударса, онда мұндай тұлғаға несие берілмейді. Несие алушының құмар ойындарын жиі ойнайтыны белгілі болса, борыштық жүктеме коэффициентінің ең жоғары деңгейі 0,25-тен асса шектеледі. Сондай-ақ, шектеу 10 және одан да көп төлем карточкаларының иелеріне, есірткіні заңсыз өндірудің, айналымының және транзитінің қаупі жоғары елдердің резиденттері болатын клиенттерге, құмар ойындарына немесе бәс тігуге қатысуы шектелген тұлғалардың тізіміне енгізілгендер мен 21 жасқа толмаған азаматтарға қолданылуы мүмкін.

Асылбек Данияр

Хабарламаларға жазылу