Қызылордада ақын Шөмішбай Сариевті еске алуға арналған шығармашылық кеш өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қызылордада ақын Шөмішбай Сариевті еске алуға арналған шығармашылық кеш өтті

06.10.2023

Қызылордада ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Шөмішбай Сариевті еске алуға арналған шығармашылық кеш өтті.

Сырдың талантты тумасы Арал ауданында дүниеге келген. Теңіздей тебіреніп, толқынына тербеліп өскен ақынның өлеңдері әдебиет әлімінде жоғары бағасын алды. Ақын бірнеше халықаралық сыйлықтың иегері атанды. Қазақ поэзиясында өзіндік қолтаңбасын қалдырған ол 500-ге жуық әнге сөз жазған. Концертте қайраткердің қаламынан туған әндер өнер сүйер қауымды бір серпілтіп тастады.

Жұмгүл Сариева, Ш.Сариевтің жары:

Қызылордада өзінің туған елінде атап өтейік дедік. Шөкеңнің ең бір жақсы әндерін айтқан Роза бар, Мақпал бар сондай халыққа ең бір белгілі әншілерін шақырып, кеші сәтті өтсін деймін. Бәріне де ризашылығым мол.


Хабарламаларға жазылу