Жауғаш батырға- 290 жыл
«Жауғаштану – Шоқан зерттеуінен басталған». Жамбыл облысы, Меркі ауылында Жауғаш батырдың 290 жылдығына арналған республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияда профессор Намазалы Омашев осылай деді.
Алдымен мерейтой қонақтары батырдың ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, рухына тағзым етті. Қазақ пен қырғыз ғалымдары батыр жайлы баяндама жасады. Профессордың айтуынша, жауғаштануда Шоқан Уәлихановтың еңбегі өлшеусіз. Оның қайраткерлігі алдымен Абылай хан туралы зерттеулерде көрініс тапқан. Абылайдың оң қолы болған ол дипломатиялық қайраткерлігімен Қытай әскерін де кері қайтарған. Жиын соңында «Қоралас Жауғаш батыр» кітабы көпшілікке таныстырылды.
Намазалы Омашев, Филология ғылымдарының докторы, профессор:
Жауғаштану ғылымы дами беретініне ешқандай күмән жоқ. Өйткені біздің жас, талантты зерттеушілер қазір қатарға қосылып жатыр. Ал, олардың бәрі әлі біз көрмеген, біз байқамаған дүниелерді ашып, ғылыми айналымға түсіруі әбден мүмкін.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Егін жинау науқаны: 2,6 млн гектардан дәнді-дақыл жиналды
18.08.2026, 17:35
Әділетті қоғам құруда жастар саясатының маңызы зор
18.08.2026, 17:30
Қазақ тіліне арналған ЖИ моделі жасалып жатыр
18.08.2026, 17:27
Жол жөндеуге 5 млрд теңгеге жуық қаржы бөлінді
18.08.2026, 17:25
Оралда жаңа үлкен көпір салына бастады
18.08.2026, 17:22
Отандық кәсіпорын жылына 15 мың тонна құбыр шығарады
18.08.2026, 17:20
Сыр диқандары күзгі жиын-терімге дайын
18.08.2026, 17:17
Ресейде егін ору қиындап кетті
18.08.2026, 17:15