Бизнесті дамытуға арналған гранттар ауылға тиімсіз беріліп отыр
Бизнесті дамытуға арналған гранттар ауылға тиімсіз беріліп отыр. Осылай деген сенатор Ләззат Рысбекова елдімекендердегі кәсіпкелерге грант бөлу жүйесін өзгертуді ұсынды. Оның сөзінше, Маңғыстау облысында бүгінде 589 өтінімнің 53-і мақұлданған. Алайда, оның ішінде тек 5 жобаның ғана бизнес жоспары бар. Ал өзге кәсіпкерлердің жұмыс орны мен есеп-қисабы жоқ. Депутат қажетсіз жобаларға шағын грант берудің орнына, ауқымды жобаларды дұрыстап қаржыландыру қажет деп отыр.
Ләззат Рысбекова, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:
Гранттың ең жоғары сомасы 5 млн теңге. Яғни шағын жобаларды іске асыруға баса назар аударылып отыр. Көбінесе тиімсіз және аймаққа нақты пайда әкелмейтін көптеген кішігірім жобалардың орнына жұмыс орындары ашылатын және сол аймаққа экономикалық қайтарымы бар нақты өндірісті үлкен жобаны іске қосу аймаққа әлдеқайда тиімді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Азия ойындары: қоржындағы медаль саны - 12
22.09.2026, 20:30
Қоқыс өңдеуге 200 млрд теңге бөлінеді
22.09.2026, 20:20
Скринингтен өту қажеттігі туралы хабарлама жіберіледі
22.09.2026, 20:19
Кәсіпкерлерге арналған реестр құрылды
22.09.2026, 20:18
Қайтарылған активтер есебінен екі мектеп бой көтерді
22.09.2026, 20:17
2-4 сынып оқушыларының 4 пәннен білімі тексеріледі
22.09.2026, 20:16
Бүгін БҰҰ Бас Ассамблеясының 81-сессиясы ашылады
22.09.2026, 20:13
PISA-2025: Сандар сөйлейді, нәтиже не дейді?
22.09.2026, 20:12