Қытай мен Түрікменстаннан мұнай өнімдері импортталуы мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қытай мен Түрікменстаннан мұнай өнімдері импортталуы мүмкін

04.10.2023

Қазақстан Ресейден өзге елдерден мұнай өнімдерін импорттай бастауы мүмкін. Қазір зауыттармен келіссөздер жүргізіліп жатыр. Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев осылай деді.

Еуразиялық экономикалық одақ аумағына мұнай өнімдерін импорттау үшін зауыттар Еуразиялық комиссия талаптарына сай сертификатталуы тиіс. Қазір бірқатар зауыт сертификат алуға ниет танытып отыр. Оның ішінде Қытай мен Түрікменстанның компаниялары бар, - деді Энергетика министрі.


Хабарламаларға жазылу