Президент Түркі мемлекеттері ұйымының саммитіне қатысу үшін Самарқанд қаласына барды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент Түркі мемлекеттері ұйымының саммитіне қатысу үшін Самарқанд қаласына барды

10.11.2022

Президент Түркі мемлекеттері ұйымының саммитіне қатысу үшін Самарқанд қаласына жұмыс сапарымен барды. Қасым-Жомарт Тоқаевты әуежайда Өзбекстанның Премьер-Министрі Абдулла Арипов күтіп алды.

Сонымен бірге Самарқанға Түркия, Әзербайжан, Қырғызстан мемлекеттерінің Президенттері барды. Жалпы Қазақстан – Өзбекстанның Қытай мен Ресейден кейінгі ірі сауда серіктесі. Екі елдің сауда айналымы биыл 3,5 млрд долларға жеткен. Әсіресе біздің елден көрші мемлекетке экспортталатын тауар көп. Өзбекстанға бидай, металл өнімдері, көлік, ұн, мұнай өнімдері сатылды. Ал Қостанай, Түркістан, Шымкент қалаларындағы дәрі-дәрмек, көлік, тоқыма өндірісіне Өзбекстан – инвестиция салған ел. Ұйымға мүше елдердің Президенттері ертең Самарқандтағы «Мәңгілік қала» кешенінде сауда-экономикалық, инвестициялық бағытта бірқатар маңызды мәселені талқылайды. Саммит қатысушыларымен екіжақты кездесу өткізу де жоспарланған.

Ақерке Бектас


Хабарламаларға жазылу