Данил Мұсабаев Азия ойындарының күміс жүлдесін жеңіп алды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Данил Мұсабаев Азия ойындарының күміс жүлдесін жеңіп алды

03.10.2023

Отандасымыз Данил Мұсабаев батуттық гимнастиканың жекелей сынында екінші орын еншіледі. 57.270 ұпай жинаған спортшы ел қоржынына оныншы күміс медальді салды. Асланбек Шымбергенов, Азиаданың қола жүлдесін еншіледі. Ал Надежда Дубовицкаяға Азия ойындарының қола жүлдесі бұйырды. Қазақстандық жеңіл атлет 1,86 метр биіктікті бағындырып, Азиаданың үшінін орынын жеңіп алды. Финалдық сында өнер көрсеткен тағы бір отандасымыз Кристина Овчинникова 1,83 метрді бағындырып, жарысты төртінші орынмен аяқтады.


Хабарламаларға жазылу