Қазақстанда қан айналым жүйесі ауруларынан болатын өлім 32% төмендеді
Қазақстанда қан айналым жүйесі ауруларынан болатын өлім 32%-ға төмендеді. Ана өлімі 3 есе, нәресте өлімі 8%-ға азайған. Ресми статистика осылай дейді. Бұл нәтижелер дәрігерлердің біліктілігі мен медицинаның дамығанын айқындайды.
Қазір елімізде 78 мың дәрігер мен 180 мыңнан астам орта медицина персоналы ұлт саулығы үшін қызмет атқарады. Ұлттық ғылыми онкологиялық орталықтың онколог дәрігерлері жылына 1300 науқас қабылдайды. Айтуларынша, жүктелген жауапкершіліктің жүгі ауыр болғандықтан, біліктіліктерін арттыру үшін үнемі шетел асып отырады.
Айзат Сүлейменова, Ұлттық ғылыми онкологиялық орталықтың бөлім басшысы:
Біздің мамандар өз білімдерін жетілдіру үшін шетелге барып тұрады. Мәселен, былтыр бірнеше дәрігер Израильге барса, биыл мен Түркия еліне Болашақ бағдарламасымен бардым. Сол жақтағы емдеу тактикасын білгім келді. Ол жердің ерекшелігі қандай, трансплантация, диагностика жағы қандай екенін көріп келдім.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Азия ойындары: қоржындағы медаль саны - 12
22.09.2026, 20:30
Қоқыс өңдеуге 200 млрд теңге бөлінеді
22.09.2026, 20:20
Скринингтен өту қажеттігі туралы хабарлама жіберіледі
22.09.2026, 20:19
Кәсіпкерлерге арналған реестр құрылды
22.09.2026, 20:18
Қайтарылған активтер есебінен екі мектеп бой көтерді
22.09.2026, 20:17
2-4 сынып оқушыларының 4 пәннен білімі тексеріледі
22.09.2026, 20:16
Бүгін БҰҰ Бас Ассамблеясының 81-сессиясы ашылады
22.09.2026, 20:13
PISA-2025: Сандар сөйлейді, нәтиже не дейді?
22.09.2026, 20:12