Жолдау: Жаңа тариф саясатын енгізу керек
Энергетика саласындағы түйіткілдерді шешу үшін білікті мамандар мен қаржы керек. Сонымен бірге, Мемлекет басшысының Қазақстан халқына жолдауында көтерген жаңа тариф саясатын енгізу шарт. Қазақстанның электр энергетикалық қауымдастығының төрағасы Талғат Темірханов осындай пікірде. Айтуынша, қазір елде тарифті ұстап тұру саясаты жүргізіліп жатыр, яғни тұтынушылар үшін арнайы субсидия бар. Бұл проблеманың шешілуіне кері әсерін тигізеді дейді. Бұған дейін Президент елдегі электр желілерінің үштен екісі, жылу желілерінің 57%-ы және сумен жабдықтау желілерінің жартысына жуығы тозғанын айтқан еді. Үкіметке де тиісті тапсырма берілді.
Талғат Темірханов, Қазақстанның электр энергетикалық қауымдастығының төрағасы:
Тозу деңгейінің 15 пайызға төмендету үшін біздің санауымыз бойынша жыл сайын 110 миллиард теңгеден кем емес қаражат құю керек станциялар мен желілерге. Біз үшін ең бастысы бүгінгі таңда қолма-қол ақшаның көздерін бекіту. Жобаларға мемлекет бойынша бағдарлама керек және жеңілдетілген несие көздерін бекіту керек деп ойлаймын.
Асылбек Данияр
Автор
Асылбек Данияр
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына 100 млн теңге көлемінде көмек көрсетіледі
24.09.2026, 23:11
Қазақстан Халық Кеңесінің мүшелері қаза тапқан әскерилердің отбасыларына қаржылай көмек көрсетеді
24.09.2026, 23:10
Құқықтық мәдениет – дамыған өркениет негізі
24.09.2026, 20:31
Азиада: Ел қоржынына 8 жүлде түсті
24.09.2026, 20:30
Алматы облысында суару жүйесі жаңартылады
24.09.2026, 20:26
Абай облысындағы Байбура асуына жылыту бекеті салынды
24.09.2026, 20:24
Петропавлда көпбейінді кешен салынып жатыр
24.09.2026, 20:19
Almaty SuperSki жобасы 2028 жылы іске қосылады
24.09.2026, 20:18