Сараптама қорытындысы: Мектепке балта ала барып, сыныптастарын жарақаттаған баланың есі дұрыс - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сараптама қорытындысы: Мектепке балта ала барып, сыныптастарын жарақаттаған баланың есі дұрыс

30.09.2023

Мектепке балта ала барып, сыныптастарын жарақаттаған баланың есі дұрыс. Сараптама қорытындысы жария болды. Қылмыс Петропавлда, ақпан айында болды. №4 мектептің оқушысы сабаққа балта апарып, 3 баланы жарақаттаған. Жасөспірім бірден қамауға алынды. Мектеп әкімшілігі мен сынып жетекшісі әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұған дейін құзырлы орган өкілдері баланың психикалық ауытқушылығы барын, оның диспансерлік тіркеуде тұрғанын айтқан болатын. Алайда сараптама жұмыстары күдіктінің өз ісіне жауап бере алатынын көрсеткен.

Айдын Қабдұлдинов, СҚО Полиция департаментінің бастығы:

Қылмыстық кодекстің 24-ші бабы және 99-ші баптары бойынша айып тағылды. Қазіргі уақытта қылмыстық іс прокуратурада тексеруде жатыр.

Эльмира Кәленова


Хабарламаларға жазылу