Петропавлда үш баланы жарақаттаған оқушы 2 айға қамалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Петропавлда үш баланы жарақаттаған оқушы 2 айға қамалды

15.02.2023

Петропавлда мектепке балта ала барып, 3 баланы жаралаған жасөспірім 2 айға қамауға алынды.

Оқыс оқиға қаладағы орта мектептердің бірінде болған еді. Жарақат алған екі жеткіншек ауруханада жатыр. Жағдайлары қалыпты. Бірнеше адамды өлтіруге оқталғаны үшін жасөспірімге қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр. Осы оқиғадан кейін қаланың барлық мектебінде қауіпсіздік күшейтілді.


Эльмира Кәленова


Хабарламаларға жазылу