Атом энергетикасының Қазақстан үшін экономикалық, экологиялық пайдасы орасан – Янош Шюли
Мемлекет басшысының "Әділетті Қазақстанның экономикалық бағыты" Жолдауы тек Қазақстан үшін емес, Орталық Азия елдері үшін маңызы зор құжат. Ал, АЭС салу мәселесін жалпыұлттық референдумға шығару - бұл халық пікірімен санасу. Осылай деген Италия мен Венгрия сарапшылары Жолдауға оң бағасын беріп отыр.
Франческо Сильвестро, Италия парламенті сенатының депутаты:
Бұл Қазақстан Президентінің тұрақтылыққа, әлеуметтік-экономикалық даму мен мемлекетті жаңғыртуға деген ұмтылысын көрсетеді. Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстанды одан әрі дамытуға деген көзқарасы ұлт болашағының және әлемдік қоғамдастықтағы жағдайының кепілі болып табылады. Сондай-ақ, Италия мен Қазақстан арасындағы ынтымақтастық өсу мен даму үшін мүмкіндіктер ашады, тұрақтылықты нығайтуға ықпал етпек.
Янош Шюли, Венгрияның бұрынғы портфолиосыз министрі:
Қазақстанның әлемдегі ең ірі уран қоры бар екенін ескерсек, атом электр станциясын салудың мақсаты түсінікті. Атом электр станциясын салу бойынша референдум сәтті өтеріне сенімдімін. Бұдан бөлек, атом энергетикасының Қазақстан үшін экономикалық және экологиялық пайдасы орасан. Мемлекеттің энергетикалық балансы 30%-ға жетуі мүмкін. Халық арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу маңызды. Біз Қазақстанға атом энергетикасы бойынша сарапшылар тобын жіберуге дайынбыз.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Боксшыларымыз Азия чемпионатын сәтті бастады
01.04.2026, 20:58
Ұлттық банк: Теңге тұрақты валюталардың біріне айналды
01.04.2026, 20:15
Алтын шамамен 19 пайызға арзандаған
01.04.2026, 20:14
1-сыныпқа құжат қабылдау мерзімі өзгерді
01.04.2026, 20:13
Әлем жаңалықтарына шолу
01.04.2026, 20:13
Тартылған теңіздің 165 мың га алқабына ағаш отырғызылады
01.04.2026, 20:12
Дубайға қатынайтын ұшақтар сәуірдің соңына дейін тоқтатылды
01.04.2026, 20:11
Суды үнемдеуге бөлінетін субсидия 4 есе өсті
01.04.2026, 20:09