Мектеп баспалдағынан құлаған бала: Жедел жәрдем 29 минут жүріп келген
Астана мектебінде сатыдан құлаған балаға жедел жәрдем 29 минут жүріп келген. Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният дәрігерлердің неге соншалықты кешіккенін түсіндірді. Қоңырауды қабылдаған диспечер шақыртуды шұғыл емес деп бағалаған. Нәтижесінде жедел жәрдем тобына шұғыл жету туралы бұйрық түспеген. Барлық қызметкерлер нақты белгіленген тәртіппен жұмыс істеді деді министр.
Ажар Ғиният, ҚР Денсаулық сақтау министрі:
Жедел жәрдемге қоңырау шалған кезде мектеп медбикесі балада соққы іздері мен жарақат бар екенін айтқан. Бала есінен танбаған. Сондықтан жедел жәрдем шұғыл жетпеген. Ал бас ми жарақатын алғаны туралы диагноз кейін қойылды. Баланың жағдайы қазір жақсы. Дегенмен әлі біраз уақыт тұрақты бақылауда болады.
Астанадағы 2-шы сынып оқушысы мектепте баспалдақтан құлап кеткенін кеше көрсеткен едік. Баспен оңбай құлаған баланың ата-анасы жедел жәрдемнің кеш келгенін айтқан болатын. Мектептегі келеңсіздікке қатысты қылмыстық іс қозғалды. Ал мектеп директоры жұмыстан шығарылды.
Оңғар Алпысбай
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
ШҚО-да соңғы үш жылда 1 млн-ға жуық турист келген
18.12.2025, 20:54
Әлемнің ең мықты бадминтоншылары бақ сынап жатыр
18.12.2025, 20:50
Әлем жаңалықтарына шолу
18.12.2025, 20:15
Отандық арналар Түркияда хабар таратады
18.12.2025, 20:14
Қонаев қаласында дауыл салдарынан бүлінген нысандар қалпына келтірілді
18.12.2025, 20:14
Өңдеу өнеркәсібіндегі өндіріс көлемі 5,9 пайызға өсті
18.12.2025, 20:09
Түркістанда көпір қирап, қатынас үзілген соң оқушылар онлайн оқып жатыр
18.12.2025, 20:09
Автосақтандыру компаниялары төлейтін өтемақы мөлшері екі есе өседі
18.12.2025, 20:08