Азия ойындарында Қазақстан құрамасының қоржынына 3 қола медаль түсті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Азия ойындарында Қазақстан құрамасының қоржынына 3 қола медаль түсті

25.09.2023

Азия ойындарында Қазақстан құрамасының қоржынына үш қола медаль түсті. Біріншісін оқ атудан 25 метрге жылдам атылатын тапаншамен сайыстың финалында Никита Чирюкин салды. Мергендер әлі де медаль жеңіп алуы бек мүмкін. Өйткені қазақстандық спортшылар оқ ату турнирінде 1 қазанға дейін сынға түседі.

Бұдан бөлек, дзюдодан 63 келі салмақ дәрежесінде сынға түскен Эсмигүл Куюлова үшінші орын үшін өткен белдесуде өзбекстандық Севинч Исокованы жеңіп, Азиада қоласын еншіледі. Ол бірінші айналымда моңғол қызын тізе бүктіріп, ширек финалда кореялық Ким Джиджонға жол берді. Жұбаныш белдесуінде Филиппин балуанынан басым түсті.

Ал ерлер арасында 81 келі салмақта ел намысын қорғаған Абылайхан Жұбаназар да қола жүлдені қанағат тұтты. Жартылай финалға дейін сүрінбей жеткен татами шебері финалдың жолдамасы үшін күресте тәжік балуанына жол берді. Үшінші орын үшін өткен белдесуде өзбекстандық Мусо Собировты жеңіп, Азияда қоласын еншіледі.

Асылбек Данияр

Хабарламаларға жазылу