Сенат төрағасы Әкім Таразиді 90 жасқа толуымен құттықтады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сенат төрағасы Әкім Таразиді 90 жасқа толуымен құттықтады

23.09.2023

Сенат төрағасы қарт қаламгерге сый көрсетті. Қазақстанның еңбек ері Әкім Таразидің 90 жасқа толуымен құттықтады.

«Қазақта әдебиетсүйер қауымның жүрек төрінен еркін орын алып, қалың оқырманның ықыласына бөленген қаламгерлер аз емес. Солардың бірі де бірегейі биыл торқалы тоқсан жасқа толып отырған көрнекті жазушы, Қазақстанның Еңбек Ері Әкім Тарази екені анық. Бүгін мерейтой аясында ұйымдастырылған «Толғауы 90 Тарази» атты іс-шараға арнайы қатысып, Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың құттықтау хатын оқып бердім. Мемлекет басшысы атап өткендей, Әкім Тарази қоғамға сыни көзқараспен қарап, замандастарының кескін-келбетін шынайы суреттеп, барша адамзатты толғандырған мәселелерге жұрт назарын аудара білген жазушы. Шын мәнінде, Әкім ағаның әр туындысы – әдебиетіміздің алтын қорына қосылған қымбат қазына. «Жаза», «Шер», «Қиянат», «Тасжарған» сияқты романдарды ерекше атап өткен жөн. Әкім Таразидің бірегей пьесалары қазақ театрын жаңа белеске шығаруға үлкен үлес қосқанын айта кеткен абзал. Тоқсанның төріне шығып, ұлт руханиятының абыз ақсақалына айналып отырған ағамызға зор денсаулық, отбасына амандық пен бақ-береке тілейміз»,-делінген жазбада.


Хабарламаларға жазылу