Абай облысында тұрғынның сібір жарасына шалдыққандығы расталмады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Абай облысында тұрғынның сібір жарасына шалдыққандығы расталмады

22.09.2023

Абай облысы Жетіжар ауылы тұрғыны сібір жарасына шалдықты деген күдік расталмады. Науқастан екінші рет алынған қан сараптамасы жұқпалы індеттің белгілері жоқтығын көрсеткен. Алайда, ауруханаға жатқызылған адам ем қабылдап жатыр. Жағдайы жақсарып келеді. Ал Жетіжар ауылында сақтық үшін әлі де ірі қара тексерілуде. Індет белгілері бар мал анықталмаған. Қора-қопсы, жайлым залалсыздандырылған. Ауыл тұрғындарыкүнделікті міндетті термометриадан өткізіліп жатыр. Бірер күн бұрын «Сібір жарасы» таралуы мүмкін деген күдікпен Жетіжар ауылында табиғи сипаттағы төтенше жағдай жарияланған болатын. Ауылдың кіре берісіне санитарлық бекеттер орнатылып, елді мекенге кіріп шығуға тиым саланған. Науқаспен қарым-қатынаста болған адамдар төтенше жағдай режиім алынбайынша карантинде болады.


Хабарламаларға жазылу