«Жамбыл – менің жай атым, халық – менің шын атым» ақындар айтысына іріктеу өтіп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Жамбыл – менің жай атым, халық – менің шын атым» ақындар айтысына іріктеу өтіп жатыр

31.01.2020

Еліміздің түкпір-түкпірінде «Жамбыл – менің жай атым, халық – менің шын атым» атты республикалық ақындар айтысына іріктеу өтуде. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы ұйытқы болған шара Жыр алыбы - Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерейтойы қарсаңында өтеді.  

Жамбыл өңірінің он ауданында өткен сұрыптау сайысына жүздеген жас ақын қатысты. Олардың арасында айтыс сахнасына алғаш шыққан өнерпаздар бар. Аудандық іріктеуден көзге түскендер облыстық айтысқа жолдама алды. Ал финалдың жеңімпаздары республикалық ақындар айтысында додаға түседі. 

Сәбит Әлдебай

Хабарламаларға жазылу