Құдыққа құлап, мүгедек болған бала: Қылмыстық істің қозғалмауына не себеп? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Құдыққа құлап, мүгедек болған бала: Қылмыстық істің қозғалмауына не себеп?

22.09.2023

Алматы облысында 7 жасар бала кәріз құдығына құлап, мүгедек болып қалуына байланысты ресми арыз енді жазылды. Қылмыстық істің қозғалмауына екі тараптың өзара келісімге келуі негіз болған ба? Полицейлер баланың денсаулығы туралы берген қорытындыға неге назар аудармаған? Бұл сауалдарға істі бақылауына алған белгілі заңгер Камиша Есмұхамбетқызы жауап береді. 

Камиша Есмұхамбетқызы, заңгер:

Бұл жерде полиция өкілдері кінәлі деп есептеймін, себебі дер кезінде мәлімет берілген болса, оқиға орнына барған болса, яғни жасөспірімнің жапа шеккенін көрген болса, бұл жерде іс дер кезінде қозғалып, кінәлілерді анықтап, заңсыздығы мен заңдылығы және баланың жарақатының қандай дәрежеде екендігін анықтау – полиция өкілдерінің міндеті.

Мұндай жағдайда істі қозғаманы үшін полицейлер жауапқа тартылуы мүмкін бе?

Камиша Есмұхамбетқызы, заңгер:

Әрине, полиция өкілдерін жауапкершілікке тартуға болады. Ол үшін прокуратураға шағым жазу керек, яғни полициялардың әрекетіне және әрекетсіздігіне қатысты. Жасөспірімнің зардап шеккені үшін кінәлілерді анықтау мақсатында қылмыстық іс қозғалу керек. ҚР Қылмыстық кодексінің 254-бабы –  міндетін адал атқармау. Бұл жерде орындау керек міндеттемелер бар, қауіпсіздік мәселелері бар. Солардың барлығы тиісті деңгейде қадағалануы тиіс еді. Жауапкершілік сол компанияда болған соң олар жауапты түрде баланың тағдырына жауап беруі керек.

Хабарламаларға жазылу