Асылдың тұяғы Мұрат Мұхтарұлы Әуезов 80 жаста. Алғаш болып қазақтың салт-дәстүрін зерттеген мәдениеттанушы-ғалымның мерейтойына орай Астанада «Қазіргі замандағы ұлттық бірегейлікті сақтаудың өзекті мәселелері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Мақсат - жаһандану дәуірінде ұлттық болмысты жоғалтпай, бабадан балаға мирас болып жалғасқан ата-баба жолын насихаттау. Жиында ғалымның жүріп өткен жолы мен еңбектері туралы айтылды. Сонымен бірге келушілер «Дәуірдің дара тұлғасы» атты Мұрат Әуезовтің кітап көрмесін тамашалады. Конференцияға Ресей, Қырғызстан, Белорусь елінің өкілдері қатысты. Ал ғалымның өзі онлайн қосылып, баяндама жасады.
Айгүл Смақова, Алаштанушы, филология ғылымдарының докторы, профессор:
Мұрат Мұхтарұлы қазақ ұлттық құндылықтарын сақтап қалуда қандай кеңбектердің басында болды. Саяси тұлға ретінде «Жас тұлпарды» қалай басқарды. «Жас тұлпар» қалай іске асты. Қаланың балалары мысалы орыс сыныбын бітірген Мұрат Әуезов ауылға барып, қазақтың ұлттық мәдениетін көтеруге нақты істердің басында болған.
Асылбек Данияр