Президент жұмыс сапарымен Солтүстік Қазақстан облысына барды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент жұмыс сапарымен Солтүстік Қазақстан облысына барды

07.09.2021

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Солтүстік Қазақстан облысына барды. Президент өңірдегі егін жинау науқанының барысымен танысады. Ел қамбасына құйылатын астықтың 30 пайызы осы өңірде өсіріледі. Биыл егіннің көлемі былтырғыдан көп. 4 млн 300 мың гектар алқаптан асты. Облыста астық жинау жарты айға ерте басталды. Сонымен қатар Мемлекет басшысы индустриалды кәсіпорындарды аралайды.

Хабарламаларға жазылу