Қазақстан бойынша астықтың 60 пайызы жиналды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан бойынша астықтың 60 пайызы жиналды

25.09.2014
Қазақстан бойынша астықтың 60 пайызы жиналды

Қазақстандық ауыл шаруашылығы мамандары бүгінгі күнге дейін астықтың 60 пайызын жинады.

Ауа райының қолайсыздығына байланысты  өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда көрсеткіш 7 пайызға  төмен.

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің жауапты хатшысы Арман Евниев  мәлімдеді.

«Бүгінде астықтың 60 пайызға жуығы жиналды.  2013 жылдың осы мезгіліндегі көрсеткіш 67 пайызды құраған. Бұл - шамамен 9 миллион гектар аумақ. Көрсеткіштің төмендеуіне ауа райының қолайсыздығы себеп. Алайда, астық жинау науқанының аяқталуына біршама уақыт бар», - деді  А. Евниев

Сондай-ақ, ол жанармаймен қамту мәселесін атап өтті. Ауыл шаруашылығы мамандары жоспарланған көлемнің 81 пайызын кәдеге асырған.

Астық жинау науқанына барлығы 410 мың тонна жанар-жағармай бөлінді.

Арман Евниев бұл бағыттағы  жұмыс жоспарлы түрде жүзеге асырылып жатқанын атап өтті.

Хабарламаларға жазылу