Заңсыз берілген 8,3 млн гектар жер мемлекетке қайтарылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Заңсыз берілген 8,3 млн гектар жер мемлекетке қайтарылды

21.09.2023

Игерілмей бос жатқан, заңсыз берілген 8,3 млн гектар жер мемлекетке қайтарылды. Бұл екі жылдық тексеріс жұмыстарының нәтижесі. Ауыл шаруашылығы министрлігінің хабарлауынша, былтыр жерді ерікті түрде мемлекетке өткізгендер көп болса, биыл біраз жерді қайтару үшін сотқа жүгінуге тура келген. Тексеру кезінде егін егуге және жайылымға жарайтын, бірақ тиімсіз пайдаланған жердің иелеріне 156,3 млн теңге айыппұл салынды. Оның 68%-ы өндіріліп алынды. Әлі 271 мың гектар аумақтың мәселесі сотта қаралып жатыр.

Хабарламаларға жазылу