Ақмола облысында заңсыз берілген 95 гектарға жуық жер телімі мемлекет меншігіне қайтарылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақмола облысында заңсыз берілген 95 гектарға жуық жер телімі мемлекет меншігіне қайтарылды

23.01.2023

Ақмола облысында заңсыз берілген 95 гектарға жуық жер телімі мемлекет меншігіне қайтарылды. Бұл заңбұзушылықты Көкшетау қалалық прокуратурасы құжаттарды тексеру кезінде анықтаған. Жергілікті атқарушы органдар құны 223 миллион теңгеден асатын аумақты ешқандай аукционсыз жеке серіктестіктің пайдалануына берген.

Ал бұған көз жұмған лауазым иесі жұмыстан шығып кетіпті. Жалпы соңғы 3 жылда облыстық прокуратура заңсыз берілген 339 мың гектар жерді мемлекетке қайтартты. Ал «Жер аманаты» комиссиясының тікелей араласуымен былтыр өңірде игерілмеген 300 мыңнан астам гектар алқап мемлекет меншігіне өтті. 

Нұржан Сейітқазин, қала прокурорының орынбасары:
Көкшетау қаласының прокуратурасы жеке және заңды тұлғаларға берілген жер телімінің заңдылығын тексеру барысында шойын жолдарға қызмет көрсетуге арналған жердің заңсыз берілгені анықталды. Осы жер қала прокуратурасының шара қолдануына байланысты мемлекет тарапына қайтарылды. Қазіргі уақытта заңбұзушылыққа жол берген лауазымды тұлғаның жауаптылығы шешілуде.

Ұмсындық Наурызбаева

Хабарламаларға жазылу