«Balapan» әлемі» республикалық фестивалінде 800-ге жуық жас өнерпаз өнер көрсетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Balapan» әлемі» республикалық фестивалінде 800-ге жуық жас өнерпаз өнер көрсетті

01.06.2022

Бүгін «Қазақстан» телерадиокорпорациясына қарасты «Balapan» телеарнасы ұйымдастырған «Balapan» әлемі» OPEN AIR фестивалі өтіп, 800-ге жуық жас өнерпаз мерекелік шарада өнер көрсетті.

Республикалық деңгейдегі ауқымды шара Есілдің жағасындағы амфитеатрда өтті. Әр өңірден келген талантты бүлдіршіндер осы жерде өнерлерін ортаға салып, түрлі байқауға қатысты. 100 домбырашы бір мезетте күй ойнап, «Qazaqstan дауысы. Балалар» жобасының қатысушылары әнмен шашу шашты. Сонымен қатар амфитеатр маңында мерекеге орай түрлі спорттық шара, қолөнер жәрмеңкесі мен кітап көрмесі ұйымдастырылды. Ұлттық ойындар сайысы өтіп, балалар асфальтқа сурет салды.

Базарбай Исабеков, қала тұрғыны:

Немерелерімді осы концертке әкелдім. Концерт өте тамаша өтіп жатыр. Осындай балалар арнап концерт қойып жатқан «Balapan» телеарнасына рахмет. 4 немерем бар, үшеуін концертке әкелдім.


Хабарламаларға жазылу