Иран 5 америкалықты қамаудан босатып, еліне қайтарды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Иран 5 америкалықты қамаудан босатып, еліне қайтарды

19.09.2023

Иранда тұтқындалған бес америкалық қамаудан босатылып, елдеріне аттанды. Олар ең алдымен Катар астанасы Дохаға жеткізіліп, содан кейін Құрама штаттарға бағыт алған. Бұған жауап ретінде АҚШ бес ирандықты түрмеден шығарды. Бірақ олардың екеуі ғана үйлеріне қайтып, үшеуі Иранға оралмау туралы шешім қабылдаған.

Айта кетсек, бұл айырбас Вашингтон Ислам Республикасына Оңтүстік Кореядағы есепшотынан 6 миллиард долларын санкциядан босатып қайтарғаннан кейін жүзеге асып отыр.


Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу