Ливиядағы Дерна қаласының тұрғындары шеруге шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ливиядағы Дерна қаласының тұрғындары шеруге шықты

19.09.2023

Ливияның шығысындағы Дерна қаласының тұрғындары шеруге шықты. Олар жергілікті билікке осылайша наразылық білдірді. Тасқыннан қираған шаһарды биліктің қалпына келтіретініне күмәнмен қарайды. Айта кетсек, қыркүйектің 10-да бұл шахарға алапат дауыл соққы берген еді. Бірнеше дамба құлап, топан су қаланың орталығындағы баспаналарды шайып әкеткен. Кей мәліметтерге қарағанда, апаттан 20 мыңнан астам адам қаза тапты.


Арыстан Рысбек


Хабарламаларға жазылу