Келер жылдан бастап киіктерді атуға рұқсат берілуі мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Келер жылдан бастап киіктерді атуға рұқсат берілуі мүмкін

18.09.2023

Келер жылдан бастап киіктерді атуға рұқсат берілуі мүмкін. Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті жануарларды атуға жарияланған мораторий мерзімін ұзартпау туралы ұйғарымға келген. Бұл туралы комитет төрағасының орынбасары хабарлады. Көктемде әуеден жүргізілген санақтың қорытындысы бойынша Орал популяциясында киіктер саны 1 млн 130 мыңға жетті. Жалпы Қазақстанда олар 2 млн-ға жуықтайды. Болжам бойынша, жыл аяғына дейін 2,6 млн басқа жетуі мүмкін.

Андрей Ким, ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының орынбасары:

Киік саны қалпына келтірілді. Әлемдегі киіктің 98%-ы Қазақстанда тұрады. Бұл туралы аз айтылады. Керісінше, киікті құртқалы жатыр деген әңгіме көп. Халықаралық сарапшылар келіп, Монғолия, Ресей, Қазақстан аумағында ғана қалған жануарлардың көрсеткіші бойынша біздің ел аса жоғары нәтижеге қол жеткізгенін көрді. 



Азамат Нұғыманов

Хабарламаларға жазылу