Қызылордада киік еті ашық саудаланып жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қызылордада киік еті ашық саудаланып жатыр

30.10.2023

Қызылордада киік еті ашық саудаға түсіп жатыр. Қызыл кітапқа енген дала жануарының бір келісі 1500 теңгеге бағаланған.

Қаладағы дүкендердің бірінде атылған ақбөкендерді сатып жатқан бейнежазба тарады. Облыс аумағында киіктерді атуға, аулауға рұқсат етілмеген. Құзырлы органдар мән-жайды анықтап жатыр.

Исатай Әбдразақов, облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы басшысының орынбасары:

Қазіргі таңда республика аумағында 4 облыста киіктердің санын реттеу үшін аулау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сондықтан енді мәліметтерге сәйкес киіктер Қарағанды облысынан жеткізілген. Заңдылықтарын құқық қорғау органдары анықтап жатыр.

Әділбек Серікұлы


Қызылордаоблысы

Хабарламаларға жазылу