Шетелдік сарапшы: Жалпыұлттық референдум - демократиялы елге тән ұстаным - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шетелдік сарапшы: Жалпыұлттық референдум - демократиялы елге тән ұстаным

18.09.2023

«Атом электр станциясын салу керек пе, жоқ па деген мәселені жалпыұлттық референдумға шығару құптарлық іс. Себебі бұл елдің болашағына тікелей әсер ететін аса маңызды қадам», - дейді АҚШ Нью лайн институтының директоры Камран Бохари. Әлемдегі ең ірі уран өндіруші ретінде Қазақстанның өз жерінде атом станциясын салуға қақы бар. «Бірақ бұл қоғамды алаңдатқан мәселе болғандықтан оған қатысты халықтың ойын білу – ашықтық», - дейді сарапшы.

Камран Бохари, «Newline institute» сараптамалық даму институтының директоры:

Жалпыұлттық референдум өткізу Қазақстан билігінің халықтың пікіріне құлақ асатынының айғағы. Бұл мәселеде қоғамның қолдауы маңызды. Бір жағынан бұл әлемге үкіметі қарапайым бұқарамен санасатын Жаңа Қазақстан екенін көрсетеді. Адам құқықтарын басшылыққа алу, қоғам пікірін ескеру, халықтың әл ауқатына назар аударуды сөзбен ғана емес, іспен көрсетудің үлгісі дер едім.


Жалғас Сәдібекұлы

Хабарламаларға жазылу