Референдум ашық, әрі әділ өтті - ШЫҰ Бас хатшысы - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Референдум ашық, әрі әділ өтті - ШЫҰ Бас хатшысы

06.06.2022

Референдум ашық әрі әділ өтті. Бұл туралы Шанхай ынтымақтастық ұйымының бас хатшысы Чжан Мин мәлімдеді. Миссия Қазақстан өткен саяси науқанға көңілі толып, жоғары баға берді. Олар халықаралық ұйымдар мен шетелдік байқаушылармен бірлесе жұмыс істеп, Орталық Референдум комиссиясының референдумға дайындығы мен оны өткізуі туралы жұмысын бақылады. Сондай-ақ елордадағы дауыс беру процесіне де қатысқан. Комиссия құрамы - 17 адамнан тұрады. Сыртқы істер министрлігінің шақыртуымен келген байқаушылар, ведомство басшылығына алғыс айтты.

Чжан Мин, Шанхай ынтымақтастық ұйымының бас хатшысы:

Миссия Орталық референдум комиссиясы мен қоғамдық ұйымдардың тәжірибелік материалдары негізінде ортақ шешімге келді. Қазақстан тарапы өзінің талаптарын толық орындады деп есептейміз. Конституцияға өзгерістер енгізу туралы референдум халықаралық стандарттар мен Қазақстанның сайлау заңнамасына сай өтті. Референдум барысында ешқандай заң бұзу анықталмады. Миссия Қазақстандағы референдумды ашық әрі әділ, демократиялы түрде өтті деп есептейді.


Хабарламаларға жазылу