Референдум – бүгінгі елдің ғана емес, келешек ұрпақтың тағдырына тікелей әсер ететін маңызды сәт - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Референдум – бүгінгі елдің ғана емес, келешек ұрпақтың тағдырына тікелей әсер ететін маңызды сәт

16.05.2022

Ата заңға қатысты өтетін референдум – бүгінгі елдің ғана емес, келешек ұрпақтың тағдырына тікелей әсер ететін маңызды сәт. Тарихи оқиға. Қазақстан халқы Ассамблеясы Журналистер клубының отырысына қатысушылар, осындай пікірде. Жиналғандар «Жалпыхалықтық плебисцит: жаңа мүмкіндіктер мен даму болашағы» тақырыбында ой бөлісті. Тілшілер қауымы «5маусымдағы елеулі оқиғаға бейжай қарамай, белсенді қатысу – әрбір азаматтың басты борышы» деп отыр. Осы арқылы Жаңа Қазақстанның іргетасы қаланып, кемел келешектің бағыты анықталады.

Ғалымжан Құсманғали, ҚР АҚДМ «Қоғамдық келісім» РММ директоры:
27 жылдан кейін жасалып жатқан шара. Бұл көзделіп, жоспарланып жатқан өзгерістердің маңыздылығын, көлемін көрсетіп отыр. Осы тұрғыдан алдағы референдум өте маңызды.
Азамат Кеңесұлы, «Abai TV» телеарнасының директоры:
Мұндай мүмкіндікті беріп отырған елдердің саны да қатарда көп емес. Сондықтан бүкіл халықты, отандастарымызды осы референдумға қатысып, өзінің ойын, пікірін ашық демократиялы түрде білдіруге шақырамыз. 

Дарын Сағитов

Хабарламаларға жазылу