Қостанайда егіс алқаптарында өнімділік төмендеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қостанайда егіс алқаптарында өнімділік төмендеді

18.09.2023

Қостанайлық диқандар киік пен шегірткенің кесірінен шығынға батуымыз мүмкін дейді. Кей алқаптарда астық гектарына 5 центнерге дейін құлдыраған. Шаруалар алқаптарды өз бетінше қоруға тырысады. Бірақ бұдан еш нәтиже жоқ. 

Наурызымдық шаруа жыл өткен сайын киік көбейіп, жағдай күрделеніп барады. Биыл алқаптарда өнімділік 5 пайызға дейін төмендеді. Алайда киіктен зиян шеккендерге өтемақы төлеу тетіктері қарастырылмаған.

Мұхтар Оджахвердиев, шаруа:

Біз бұл мәселені бірнеше рет көтердік. Неше жыл өтті, нақты іс-әрекет жоқ. Тек талқылау ғана. Ал киік көбейген үстіне көбейіп барады. Егер жуық арада бір шешім қабылданбаса мұның соңы үлкен қиындыққа соқтырады.


Дәуренбек Әбдібек 

Хабарламаларға жазылу