Алматы облысында тамшылатып суару әдісін пайдалану бойынша семинар өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматы облысында тамшылатып суару әдісін пайдалану бойынша семинар өтті

06.09.2014
Алматы облысында тамшылатып суару әдісін пайдалану бойынша семинар өтті

Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданында еліміздің және алыс-жақын шетелдің аграрлық сала мамандары бас қосты.

Мақсаты өңірдегі «Нұр агро» және «Балтабай 2030» серіктестіктерінің егіс алқаптарын аралап, жүгеріні тамшылатып суару әдісінің тиімділігін көру әрі өзара іс-тәжірибе алмасу.

Егіс алқабы күніне орай өткен шарада «Қазақстанның оңтүстік-шығыс бөлігінде жүгері және майбұршақ өсірудің инновациялық технологиясын өндіру» тақырыбында семинар ұйымдастырылды.

Тамшылатып суару топырақтың құнарлылығын жақсартуға пайдалы. Өнімділік бірнеше есеге артып, минералды тыңайтқыштар қолдану екі есеге азаятыны тағы бар.

Қуаныш ҚАНАТҰЛЫ

 

Хабарламаларға жазылу