Шымкентте Астана циркінің түйесі боталап, пониі құлындады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шымкентте Астана циркінің түйесі боталап, пониі құлындады

21.03.2015
Шымкентте Астана циркінің  түйесі боталап, пониі құлындады

 

Шымкентте гастрольде жүрген Астана цирк ұжымының түйесі боталап, пониі құлындады, деп хабарлайды otyrar.kz.

Мамандар түйе мен ботаның жағдайы қалыпты дейді. Алғашында түйенің жүктілігіне күмәнмен қараған олар ботаның оңтүстікте  дүниеге келгенін жақсылыққа балауда.

 «Біз түйенің боталауынан үмітімізді үзген болатынбыз. «Жалған жүктілік болған ғой» деп жүрдік. Оңтүстіктің топырағына келіп,  түйеміз 13 наурыз күні түнгі сағат 00:00 шамасында боталады. Ботаның атын Сәуле деп қойдық», - дейді Астана циркінің әртісі Әйгерім Тілегенова.

Кеше ғана төлдеген жануарлар бағдарламаға сәйкес өнер көрсетуде.

Айта кетейік,  «Оңтүстік циркте» басталған «Таңғажайып керуен» қойылымы 29 наурызға дейін жалғасады.

Хабарламаларға жазылу