Шетелдік сарапшы: АЭС салу үшін референдум өткізу демократияның дәлелі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шетелдік сарапшы: АЭС салу үшін референдум өткізу демократияның дәлелі

15.09.2023

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауын болашаққа бағдар көрсететін маңызды құжат деп қабылдау керек. Ханкук ғылыми-зерттеу институтының Профессоры Ким Сан Чоль осылай деп The Korea post басылымына мақала жазды. Ол жасыл экономика, экология, құрылыс тақырыптарына ерекше назар аударған. Атом электр станциясын салу үшін референдумның өтуі елді демократияландырудың дәлелі.

«Ал бастаманың өзі энергетикалық, экологиялық проблемаларды шешіп қана қоймай болашақта экономикалық дамудың негізі болады», - деді ол. Сондай-ақ өзге елдермен қарым-қатынасты тереңдетіп, Қазақстанға инвестиция тарту ел үшін ерекше тиімді болатынына тоқталған. 


Оңғар Алпысбайұлы

Хабарламаларға жазылу