Астанада күн электр станциясын салу жоспарлануда - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада күн электр станциясын салу жоспарлануда

22.05.2014
Астанада күн электр станциясын салу жоспарлануда
Астанада күн электр станциясын салу жоспарлануда. Бұл туралы бүгін 7-ші Астана экономикалық форумы барысында ЕХРО-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесін дайындау және өткізу дирекциясы» ЖШС-ыің директоры Бауыржан Жансейітов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
 
Оның айтуынша, жоғары қуаты 50 мегаватты құрайтын фотоэлектрлі модульдерді пайдалану арқылы электр станциясын жобалау және салу жоспарлануда.
 
Станция аумағы 100 гектарды құрайды. Оны салу үшін шетелдік инвестициялық компанияларды тарту болжануда.
 
«Қазіргі таңда дирекция 4 шетелдік инвестициялық компаниямен келіссөз жүргізуде. Олар аталған жобаны жүзеге асыру үшін өздерінің меншікті және заемдік инвестицияларын, технологиялары мен мамандарын тартуға дайын. Алдын ала есептеулер бойынша тартылатын инвестицияның жалпы көлемі 100 миллион  долларға жетеді», - деді Б.Жансейітов.

Хабарламаларға жазылу