Италияда мигранттар саны көбейді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Италияда мигранттар саны көбейді

15.09.2023

Италияның шағын ғана Лампе-дуза аралында жергілікті халықтан мигранттар саны асып кетті. Соңғы 28 сағатта оған 7 мың адам барған. Мұны осы аралдың мэрі Филиппо Маннино Италия радиосына берген сұқбатында айтты.

Лампе-дуза Италияның оңтүстігінің ең шеткі нүктесінде орналасқан. Оған негізінен заңсыз мигранттар Солтүстік Африка елдерінен жетеді.

Елдің Ішкі істер министрлігінің соңғы мәліметі бойынша, жыл басынан бері Италияға қайықпен 120 мыңнан астам адам барған. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда екі есеге көп.


Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу